Мемлекет басшысына газ саласын дамыту жоспары бойынша есеп берілді

ҚазТрансГаз ҚазТрансГаз
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Шәріпбаевқа еліміздің газ саласын дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевты қабылдады. Тоқаевқа аталған компаниялар тобының биылғы сегіз айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақордадағы кездесуде Қайрат Шәріпбаев Президентке өткен жылмен салыстырғанда магистральді тасымалдау көрсеткіші 14 пайызға өсіп, 65,4 миллиард текше метрге жеткенін мәлімдеді. Ұлттық оператордың табысы 8 айда 6 пайызға артып, 1,342 триллион теңге болды. Таза пайданың көлемі – 55 пайызға өсіп, 304 миллиард теңгені құрады.

Мемлекет басшысына биыл отандық газ тұтынушыларды 158,8 миллиард теңгеге субсидиялау шаралары, сондай-ақ бюджетке 128,4 миллиард теңге көлемінде салық және басқа да төлемдер түскені жөнінде айтылды.

Қайрат Шәріпбаевтың мәліметі бойынша, компанияның таза табысы отандық газ тасымалдау жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға және борыштық жүктемесін азайтуға бағытталады. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы сегіз ай ішінде 995 миллион доллар көлеміндегі кредиттік қарызын өтеген.

Мемлекет басшысына газ тасымалдау саласының инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жобаларын жүзеге асыру, атап айтқанда Маңғыстау облысының газ тасымалдау инфрақұрылымын реконструкциялау, "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральді газ құбырының екінші желісін салу, Қашағандағы газ өңдеу зауыттарының құрылысы, сондай-ақ "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамын цифрландыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндалды.

Президент елімізді одан әрі газбен қамтуға қатысты ұсынылған жобалар мен іс-шараларды қолдайтынын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Шәріпбаевқа еліміздің газ саласын дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз