Екі адам көз жұмды: Алматыда Subaru тоқтап тұрған көлікке соғылды

zakon.kz zakon.kz
Subaru Legacy қарсы жолаққа шығып, тоқтап тұрған Mitsubishi көлігіне соғылды.

Алматыда таңға жуық орын алған жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиғаға куәгер болған дүкен сатушысының айтуынша, Mitsubishi автокөлігі Жандосов көшесімен шығысқа қарай келе жатып, Шаймерденов көшесінің қиылысындағы дүкен жанына тоқтаған. Жүргізуші дүкенге кіріп, тамақ пен сусын алған. Сатушыға бүгін қызының туған күні екенін айтқан екен.

Жүргізушіден бөлек, көлікте тағы екі жолаушы болған. Олар көлікте отырғанда бұрылыстан атып шыққан Subaru Legacy қарсы жолаққа шығып кетіп, тоқтап тұрған Mitsubishi көлігіне соғылды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631247409_1631243213_img_55361.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631247488_1631243207_img_55382.jpg

Соққының қатты болғаны сонша, екі көлік екі жаққа ұшып кетті. Тоқтап тұрған көліктің алдында отырған жүргізуші мен жолаушыны алдыңғы терезеден сыртқа лақтырып жіберді. Дәрігерлер келіп жеткенше екі жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына келген дәрігерелер олардың мерт болғанын хабарлады.

Mitsubishi-дегі екінші жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631247523_1631243235_img_55473.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631247493_1631243235_img_55484.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631247529_1631243216_img_55505.jpg

Subaru көлігіндегі жүргізуші мен үш жолаушы да зардап шеккен. Екі көліктен де алкогольді ішімдіктердің бөтелкелері табылды. Оқиға орнына келген жол полициясы мен криминалист болған апаттың мән-жайын анықтауда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243211_img_5559.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243243_img_5566.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243278_img_5568.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243215_img_5571.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243330_img_5573.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243411_img_5576.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243355_img_5579.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243347_img_5581.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243382_img_5590.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243351_img_5594.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243360_img_5596.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243355_img_5606.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243382_img_5611.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631243398_img_5623.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз