Алматыда жүргізуші жүк көлігінің астына кіріп кетті - ер адам ғажап түрде аман қалған

Алматыда жүргізуші жүк көлігінің астына кіріп кетті - ер адам ғажап түрде аман қалған , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 10:39 Сурет: Zakon.kz
15 желтоқсанға қараған түні Шоссе көшесінде Mitsubishi Shariot маркалы жеңіл автокөлік жол жиегінде тұрған Shackman фурасына соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түннің бір уағында жеңіл көлік жолдың шетінде тоқтап тұрған фураға жоғары жылдамдықпен соғылып, қатты соққының салдарынан оның астына кіріп кеткен. Mitsubishi автокөлігінің рөлі оң жақта орналасқанын ескерсек, жүргізушінің аман қалғаны – нағыз ғажайып.

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар жеңіл автокөліктің газ қондырғысымен жабдықталғаны белгілі болды. Қақтығыстан кейін газ баллоны көліктен түгелдей жұлынып кеткен. Абырой болғанда, жарылыс орын алған жоқ.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына жедел түрде шұғыл қызметтер жетті. Домкраттың көмегімен фура көтеріліп, қатты зақымданған автокөлік пен зардап шеккен жүргізуші сыртқа шығарылды.

Сурет: Zakon.kz

Әртүрлі дене жарақаттарын алған ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Белгілі болғандай, куәгерлер жеңіл көлікті дер кезінде өрт сөндіргішпен өңдеп үлгерген. Олардың айтуынша, жүргізушінің жолы болған. Ол көлікке қысылып қалғанына қарамастан тірі қалды, екіншіден көлік дер кезінде өңделіп, өртенбеді.

Қазір жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Павлодарда есірткі таратушы ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: