Алматыда жасөспірім тізгіндеген Lexus бар жылдамдығымен құрылыс техникасы астына "кіріп" кетті

Жол апаты, Алматы, Сайын көшесі, Lexus, жасөспірім, құрылыс техникасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 23:16 Сурет: Zakon.kz
9 маусымда Алматыда Сайын көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды. Lexus GS құрылысқа арналған техника - Mercedes-Benz Actros маркалы бетон сорғысы көлігінің астына "кіріп" кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

"Автоцонға" қарама-қарсы жолда келе жатқан көліктің жүргізушісі кенеттен екінші қатардан солға бұрылуды жөн көреді.

Оның артынан келе жатқан Lexus GS маркалы автокөлік жүргізушісі одан мұндай маневрді күтпеген деп болжанады.

Тас жол бетіндегі доңғалақ ізінен оның соқтығысуға дейін 10 метр бұрын тежегішті басып, тоқтауға тырысқанын байқауға болады.

Бірақ онысынан түк шықпады. Автокөлік, бейнелеп айтқанда, құрылыс техникасының астына "кіріп" кетті.

Жол апаты, Алматы, Сайын көшесі, жасөспірім, Lexus, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 23:16

Сурет: Zakon.kz

Соққының күшті болғаны соншалықты, Lexus-тың төбесі "туралып" түскен.

Арнайы көлік жүргізушісінің айтуынша,  Lexus тізгінінде жасөспірім болған, жанында құрдастары да отырыпты. Олардың барлығына медициналық көмек қажет болғаны белгілі.

Жол апаты, Алматы, Сайын көшесі, жасөспірім, Lexus, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 23:16

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметі келді, олар Lexus-тан зардап шеккендердің бірін алып шықты.

Жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: