Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті

Алматы облысы, Тұздыбастау, жол апаты, көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 17:53 Сурет: pixabay
20 қазан күні таңертең Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, анасы мен қызын басып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, жүргізуші Алматы – Алатау бағытында кетіп бара жатып, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасау кезінде рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кетті.

Салдарынан қыз бен анасы оқиға орнында қайтыс болды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, Талғар ауданы пллиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: