Алматы-Өскемен тас жолында 80 жастағы жүргізуші айдап бара жатқан көлік аударылып кетті
Сурет: polisia.kz
Бүгін таңғы сағат 06:40 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 962-шақырымында, Жаңа Өзен ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai автокөлігінің 80 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hyundai автокөлігінің 80 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалды.
Оқиға орнына бірінші болып полиция қызметкерлері келіп, зардап шеккендерге жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері жүргізушінің қолындағы жараларды өңдеп, байлап, жедел жәрдем бригадасы келгенше қолдау көрсетті.
Жүргізуші мен оның жолаушысы Жарма аудандық ауруханасына жеткізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript