Қазақстанда алдағы демалыс күндері салқындау болады

Pixabay Pixabay
Салқын күзгі ауа-райы келді.

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылдың 11-13 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағаймен жаңбыр жауады.

Содан кейін 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 аяз – 12 жылу, күндіз 15-27-ден 20-30 жылу, солтүстік-батыста ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 жылудан 3 аязға дейін – 10 жылу, күндіз негізгі фон 12-23 жылу, солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 жылудан 3 аязға дейін – 5 жылу, күндіз негізгі фон 10-20 жылу, шығыста 5-13 жылудан 1 аязға дейін – 10 жылу, күндіз 17-25 республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 жылы болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз