Қазақстанда демалыс күндері суық болады

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 12:39 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан синоптиктері 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады.

"Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын мен жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығысты тұман басады"."Қазгидромет" РМК

Ауа температурасы түнде батыста 7-20 - 5-15-ке дейін аяз, солтүстік-батыста 18-30-12-22-ге дейін аяз, солтүстікте 17-30 - 10-26-ға дейін аяз болады деп болжанды.

Орталықта 20-30 - 18-28-ге дейін, республиканың шығысында 15-35 - 12-25-ке дейін, оңтүстікте 10-30 - 7-20-ға дейін, оңтүстік-шығыста 7-20-ға дейін аяз болады. Республикада түнде негізгі температура - 12-25 градус аяз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: