Ерлан Қожағапанов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

gov.kz gov.kz
2021 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін ол Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеді.

Ерлан Қожағапанов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы.

Еңбек жолын 1989 жылы бастады. Осы жылдар ішінде ол жеке секторда, мемлекеттік органдарда және кәсіпорындарда жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз