Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қожағапанов Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

ПМ ПМ
2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып келді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, делінген Үкіметтің ресми сайтында.

Білімі мен білігі:

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын ол 1989 жылы бастаған.

1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі қызметін атқарған.

2017-2020 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі. 2020-2021 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: