Самара-Шымкент тас жолында жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты

Ақтөбе облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 23:28 Ақтөбе облыстық ПД
Апат салдарынан "Ваз-210" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, Газ-31105 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау қаласының орталық облыстық ауруханасына жатқызылды.

Самара - Шымкент тас жолында болған апаттан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

13 қыркүйекте "Самара-Шымкент" тас жолының 798шақырымында кісі өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды.

Хромтаудан Ақтөбе бағытында келе жатқан "Ваз-2109" автокөлігінің жүргізушісі Самара - Шымкент тас жолының 798 шақырымында - Ақжар ауылы маңында жол қозғалысы ережесін бұза отырып, яғни жолдың қарсы бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмейтініне сенімсіз болса да алдындағы көлікті басып озу кезінде Газ -31105 автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД қызметі.

Апат салдарынан "Ваз-210" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, Газ-31105 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау қаласының орталық облыстық ауруханасына жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: