Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолындағы жантүршігерлік жол апатының видеосы

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2021 19:50 pixabay.com
Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған екінші жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолында болған жол апаты адам өліміне әкеліп соқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат орнынан куәгерлер түсірген видео желіде жарияланды, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

10 қыркүйекте сағат 01: 10-да Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолының 215-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, Toyota Camry мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған екінші жолаушы ауруханаға жатқызылды, - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция хабарлағандай, бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: