Алматы облысындағы қырғын төбелестің мән-жайы: Той дегеніміз ас болып шықты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 16:08 видеодан алынды
Анықталғандай, 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Іле ауданында "Сокол" саяжай қоғамының (Междуреченск поселкесі) 34 жастағы тұрғыны өз үйінде ас берген.

Алматы облысының полиция департаменті 13 қыркүйекте әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы адамдардың анықталғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Анықталғандай, 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Іле ауданында "Сокол" саяжай қоғамының (Междуреченск поселкесі) 34 жастағы тұрғыны өз үйінде ас берген. Адамдар көп жиналған шара кезінде үй иесі мен оның туыстарының бірінің арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Екі масты сабасына түсіру үшін туыстары араға түскен.

Полиция тексеріс жүргізіп, оның нәтижесі бойынша үй иесінің атына карантиндік режимді бұзғаны үшін хаттама толтырды, құжат Іле аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Жанжал туғызған адамға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабы (ұрып -соғу) бойынша іс қозғалды. Материал жақын арада сотқа шешім қабылдау үшін жолданады, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында тойдағы қырғын төбелес видеоға түсіп қалды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: