Жамбыл облысында карантиндік шаралар жұмсартылды

14 Қыркүйек 2021, 12:41
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі

2021 жылы 14 қыркүйекте Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "Карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жұмсарту туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды (жабық нысандарда), форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге салынған тыйым өз күшін сақтайды.

5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау талабы да сол күйінде қалдырылды.

Жамбыл облысы аумағында жағдай тұрақталғанға дейін халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шаруашылық пен (немесе) басқа да қызметтің жүргізілуіне шектеу іс-шараларын жүргізу. Осы қаулының 1, 2 - қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) Жамбыл облысы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі шектеле береді.

Тек демалыс күндері мына нысандардың жұмысына рұқсат берілді:

– осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшыларының жұмысына – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар). "Жасыл мәртебе" болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

- "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге.

Сондай-ақ әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамаларының, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саябақтар мен скверлердің (орындықтар мен сәкілер) және басқаларға дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізіледі.

Құжаттың толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?