Қазақстандықтар ұшып бара алатын шет мемлекеттердің аты аталды

gstatic.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 23:33 gstatic.com
16 мамырда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Қазақстаннан 13 мемлекетке жолаушылар ұшағы қатынайды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады.

Атап айтқанда:

- Түркияға - аптасына 12 рейс;

- БАӘ-ға - аптасына 31 рейс;

- Өзбекстанға - аптасына 22 рейс;

- Ресейге - аптасына 10 рейс;

- Қырғызстанға - аптасына 7 рейс;

- Беларусьқа - аптасына 4 рейс;

- Украинаға - аптасына 4 рейс;

- Германияға - аптасына 9 рейс;

- Грузияға - аптасына 9 рейс;

- Тәжікстанға- аптасына 2 рейс;

- Оңтүстік Кореяға – аптасына 2 рейс;

- Египетке - аптасына 2 чартерлік рейс;

- Мальдив аралдарына - аптасына 3 рейс.

16 мамырда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Оған сәйкес, соңғы 14 күнде Мальдив аралына барып-қайтқан адамдар 14 күн бойы үйінде оқшаулануға жатады (үй карантині).

17 мамырда "Эйр Астананың" Мальдив аралдарына ұшуды 31 мамырға дейін тоқтатқаны белгілі болды.

17, 19 және 24 мамырда компания Мальдив аралдарындағы жолаушылар үшін тасымал рейстерін ұйымдастырады. Жолаушылар тоқтатылған рейстердің ақшасын толығымен қайтара алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: