Тоқаев Құсайынов пен Шпекбаевқа генерал-лейтенант атағын берді
![Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2021 17:42](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-743f9416-9dbc-47c6-924f-caa61feb1fdb/800x452.webp)
Ақорда жоғары әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер мен біліктілік сыныбын беру туралы қаулы жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаулыға Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Құсайынов Марат Рақымұлы мен Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлына генерал-лейтенант әскери шені берілді, - делінген ресми хабарламада.
Одан бөлек тағы мынандай атақтар тағайындалды.
генерал-майор әскери атағы:
Аймұрзин Айдар Асфандиярұлына,
Ақбалин Рүстем Нұрсұлтанұлына,
Алдияров Нұрлан Қапанұлына,
Ахмадиев Алмаз Шұғайұлына,
Борамбаев Серік Жақсығалиұлына,
Күшікбаев Мереке Мәтімұлына,
Үштаев Қуанышбек Өскенбайұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Дуанбаев Айбар Аманбекұлына,
Қоңқашев Шыңғыс Рахатұлына,
Сейсембаев Руслан Темірғалиұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлына,
Бекиев Оңал Ботайұлына,
Дәрменов Ақынқали Дәуітбайұлына,
Заппаров Арыстанғани Расылханұлына,
Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлына,
Төлебаев Марат Сағынтайұлына;
әділет генерал-майоры арнаулы атағы:
Ешмағамбетов Жанат Болатұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Әбдіханов Қайрат Әлиханұлына,
Бақашбаев Жарқынбек Кендірбекұлына,
Қожабаев Мақсат Аманқұлұлына,
Шалабаев Серік Рысқалиұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы:
Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлына берілсін.