Қабатовтың қызы қайда оқиды?

видеодан кадр видеодан кадр
Қабатовқа дейін Қазақстанның білімін менсінбейді екен.

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызын ҰБТ дауынан кейін шетелге оқуға түсірген сыңайлы. Өйткені әлеуметтік желідегі парақшасына Әдемі Тұрсынбекқызы "менің университетім" деген жазумен Дубайда жүрген видеосын жүктеді, деп хабарлап жіберген екен "Еуразия" бірінші арнасы.

Байқауымызша, бұл жер Дубайдағы университеттердің бірінің алды.

Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен бірге үш күн бұрын Парсы шығанағына кеткенін жақсы біледі. Жұрттың пайымынша, әзілкеш демалудан бөлек, қызының оқуы мәселесін де шешіп келетін сияқты. Естеріңізде болар, Тұрсынбек Қабатовтың биыл мектеп бітірген Әдемі есімді қызы ҰБТ-ға өзінің орнына басқа адамды кіргізіп, басы бәлеге қалып еді. Кейін өнер адамы бұған отбасының қатысы жоқ екенін, бәрін тестке даярлау орталығы ұйымдастырғанын мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз