Арыста алты жасар қыз жоғалды
goodfon.ru
Көшірілген адамдар тізімінде оның есімі жоқ екен.
Арыста болған бірнеше жарылыстан кейін 2013 жылы туған қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Facebook-те көмек сұрап қыздың ағасы Ерқанат Байхожаев жазды.
Sputnik Қазақстан редакциясы жоғалған қыздың әкесімен байланысқа шықты. Ол Алматы әуежайынан Шымкентке ұшып барады екен. Әйелі мен қалған балалары Шымкентте. Ясмина қазірге дейін табылған жоқ. Көшірілген адамдар тізімінде де оның есімі жоқ екен.
Ясминаның қайда екенін көрген-білгендерден полицияға, немесе қыздың туысқандарына (87017701788 – қыздың әкесі) хабарласуын сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript