Роналду тепкен доп абайсызда бір қызды сұлатып түсірді

15 Қыркүйек 2021, 11:51
Сурет: twitter/B/R Football

Футболдан Чемпиондар Лигасындағы ойын алдында денесін қыздырып, жаттыққан ағылшындық "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду тепкен доп стюард қызға абайсызда тиіп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Суреттер португалиялықтардың әлеуметтік желісінде жарияланды.

РИА Новости анықтағандай, доп тиген қыз бірден құлаған, артынша оған медициналық көмек көрсетілді. Мұны көрген алаңдаулы футболшы алаңды тастай, сыртқы мінберге бет алды. Ол қыздың өзін қалай сезінетінін сұрап, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізген соң ойынға оралды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?