Жезқазғанда кісі қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

polisia.kz polisia.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел Жезқазған қаласындағы емдеу мекемесінде қайтыс болды.

Жезқазғанда зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 12 қыркүйекте Жезқазған қаласының ПБ-на Жезқазған-Сәтбаев тас жолында Кеңгір ауылы маңында белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде тұрған 64 жастағы зейнеткерді қағып, қашып кеткені туралы хабарлама түсті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел Жезқазған қаласындағы емдеу мекемесінде қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Куәгерлердің айтуынша, қара түсті ВАЗ-21099 көлігі болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полицияның жедел іздестіру тобы күдікті – 21 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұсталған адамның көлігі тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Жол қозғалысы ережесін бұзу) және ҚР ҚК-нің 347-бабы (Жол-көлік оқиғасы орнынан кету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, делінген облыстық ПД хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз