Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында екі адамды қағып, оқиға орнынан қашқан жүргізуші ұсталды

Бәйдібек АПБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2020 17:10 Бәйдібек АПБ
Тексеру барысында күдікті адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады.

Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне түнгі уақытта Шардара ауданының тұрғыны арызданып, Шымкент-Самара тас жолының бойында белгісіз көлік оларды қағып кетіп, жанындағы серіктесі қайтыс болғанын хабарлайды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобус көлігінің ақауын жүргізушісі мен оның көмекшісі тексеріп тұрғанын анықтады. Осы уақытта Газ-53 маркалы белгісіз жүк тасымалдайтын автокөлігі бұзылып тұрған автобустың жанынан жанамай соғып, одан кейін сол жерде тұрған жәбірленуші мен көлік жүргізушісін қағып, жол-көлік оқиғасын жасағаны белгілі болды. Содан кінәлі жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Салдарынан автобустың жүргізушісі жеңіл дене жарақаттарын алса, оның көмекшісі оқиға орнында қаза болған.

Бұл жол-көлік оқиғасы Бәйдібек АПБ-не Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 347-бабымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған жүк көлігі мен оның жүргізушісін ұстау мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде жүк көлігі Сайрам ауданындағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін орындардың бірінен табылып, бұл жүк көлігінің жол-көлік оқиғасына тікелей қатысы бары дәлелденді. Содан аталған автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке-басы анықталды, ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында күдікті адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айыптұраққа қойылды.Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша автокөлікке тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, ал жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді.

Егер сіз жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: