Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында қырылған ірі-қараның саны есептелді

Бердімұрат Төрекенов, желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 22:12 Бердімұрат Төрекенов, желіден алынды
Биыл 1 тамыздағы статистикалық мәліметтерде облыста 629 336 бас болған, ауыл шаруашылығы бойынша бірыңғай деректер қорында тіркелген мал саны 639 493-ті құрайды.

Брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қанша бас ірі-қара қырылғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Журналистер тарапынан қырылған малға қатысты сұрақтар келіп түсіп жатыр. Кейбіреулер біздің өңірде 5 мың бас өлді деп есептейді. Сәуірде ауылдарда биотермиялық шұңқырлар дайындалды. 1163 басты көмдік, оның тек 194-і тіркеуге алынған. Қалған өлексенің иелері кім екені белгісіз. Әзірге мал өліміне қатысты тек жеті азаматтан өтініш түсті, - деді Ниязов.

Оның айтуынша, биыл 1 тамыздағы статистикалық мәліметтерде облыста 629 336 бас болған, ауыл шаруашылығы бойынша бірыңғай деректер қорында тіркелген мал саны 639 493-ті құрайды.

Әкімнің орынбасары 77 мың тонна жем алу жоспарланғанын айтты. Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы аудандарына 41 470 тонна жем жеткізілді. Қыс айларында 35 530 тонна шөп әкелу жоспарланса, оның 25 530 тоннасы басқа өңірлерден жеткізілмек.

Жыл ортасында жем сатып алуға 204 миллион теңге бөлінді. Қыс айларында мемлекеттік қолдау аясында жем сатып алуға 5,3 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр, қазір оның 2,1 миллиарды бөлініп қойды, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Брифингте фермерлердің шығындарын үкіметтің қорынан ішінара өтей алатындықтары да айтылды.

Бүгінгі күні үкіметтің резервінен 745,1 миллион теңге сомасындағы 5 900 жеке қосалқы шаруашылықтың шығындары ішінара өтелді, ал 565 шаруа қожалығы 395,2 миллион теңге алды, деп сөзін қорытындылады Ниязов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: