Павлодар облысында ірі қараның жаппай қырылу себебі анықталды

Павлодар облысы, ірі қара мал улануы, пестицид, Колорода қоңызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 18:44 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында 37 бас ірі қара қырылып қалған соң мал ішкен судан және құдық маңындағы топырақтан сынама алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылар зерттеу қорытындысын алды, деп жазды Pavlodarnews.kz.

"Сараптама көрсеткендей, барлық сынамаларда пестицид қалдықтары – "Дихлорфос", "Диметоат", "Паратионметил", "Хлорпирифос" препараттары табылды. Улануға осы себеп болған", – дейді Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.

Айта кету керек, бұған дейін ведомстао өкілдері малдың улануына база маңында картоп алқаптарына Колорадо қоңызына қарсы шашылған дәрі себеп болуы мүмкін деген күдік болжам айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: