Қазақстанда ипотекалық бағдарламаларға өзгерістер енгізілмек

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 23:26 zakon.kz
Бірінші кезекте "Бақытты отбасы" бағдарламасының шарттарын қайта қарау ұсынылды.

Қазақстанда кейбір ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша шарттарды өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Мәжілісмен Айгүл Нұркина "Бақытты отбасы" бағдарламасына бөлінетін соманы ұлғайтуды ұсынды.

Қаржыландыру қысқартылды, бірақ қарыздар саны өзгерген жоқ. Алайда, егер қарапайым математикаға сенсек, шын мәнінде, бір қарызға шамамен 5,3 млн теңге салынады, бұрын бұл сома шамамен 10,6 млн теңге болатын. Бұл ақшаға қандай пәтер сатып алуға болады? "Бақытты отбасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз, сондай-ақ, қатысушылар тізіміне "жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санатын енгізу орынды деп санаймыз, - деп сұрады Нұркина.

Сондай-ақ, ол "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасы қарыз алушыларының кірістерін қарау кезінде мүгедектік бойынша жәрдемақыны ескеруді ұсынды.

Оның айтуынша, осы бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 14,8 мың адам қатысуға өтінім берген, оның ішінде 13,5 мыңы қарыз алған, тиісінше 1,3 мыңы бас тартылған.

Бас тартудың ең негізгі себептері қарызды өтеу үшін табыстың жеткіліксіздігі, зейнетақы аударымдарының болмауы болып табылады. Көбінесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың төлем қабілеттілігін растауда қиындықтар бар, - деп түсіндірді ол.

Мәжілісмен "Шаңырақ" мемлекеттік бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды, сондай-ақ, қарыз алушылардың кірістері бойынша талаптарды ұлғайту жағына өзгертуді ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы аз қамтылған отбасыларға арналған 2% жеңілдік мөлшерлемесімен және 10% бастапқы жарнасымен "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Сондай ақ, жоба аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған "Шаңырақ" ("5-10-20") тұрғын үйін 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 5% жеңілдікті мөлшерлемемен сатып алуға болады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: