Жаңалықтар тізбегі
0

Кибербуллинг заңмен ауыздықталуы тиіс - Аида Балаева

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2021 19:26 pixabay.com
Айта кетсек, бүгіндері Нұр-Сұлтанда Еуразиялық медиа форум өтіп жатыр.

XVII "Еуразиялық медиафорумда" ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Ақпарат министрі ғаламтордағы кибербуллинг мәселесіне кеңінен тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Интернеттің белсенді дамуына байланысты бүгіндері әлем кибербуллинг мәселесіне тап келіп отыр. Арандатудың кез келген түрі сияқты кибербуллинг те агрессияның бір түрі болып табылады, сондықтан ол заңмен ауыздықталуы тиіс. Министрлік бұл бағытта жоспарға сай жұмыстар жүргізіп жатқаны, сөзсіз. Біз әлеуметтік желінің ішкі ережелерін құрметтейміз. Дегенмен біз адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін теріс мазмұндағы контент ашық әрі қолданыста болып қала бермеуі керек деп санаймыз. БҰҰ қабылдаған қарардағы адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының кіріспесі де дәл осы құндылықтарды сөз етуден басталады емес пе, - деді министр.

Айта кетсек, Мәжілісте шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектейтін нормалары бар балалардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы қарастырылуда.

Тамила Языкова, Кәмшат Сатиева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: