Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда жеке үйдің жертөлесі жарылып, үш ер адам зардап шекті

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 17:02 instagram
Үйде монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан үш ер адам қатты зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Қостанайда жеке үйдің жертөлесінде жарылыс болып, екі ер адам ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, үш ер адам монтаж жұмыстарына арналған көбікті пайдаланып, жұмыс істеп жатқан, деп жазады Костанайские Новости газеті.

Бұл үйде үш еркек монтажға арналған көбікті қабырғаларға пышылдатып бүріккен. Бөлмеге газ жиналған. Осы кезде ер адамның бірі аузындағы тұтаулы темекісімен жертөлеге түседі. Көп ұзамай, қатты дауыс шығып, жарылыс орын алды. Біздің түсінгеніміз, барлығын ауыр күйік шалған, жағдайлары ауыр, - дейді куәгерлер.

Зардап шеккендердің үшеуі де Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді.

1995 жылғы азамат басынан, денесінен, аяқ-қолынан ІІІ-дәрежелі күйік алды, терісінің 80% күйіп қалды. 1984 жылғы екінші азаматтың терісінің, басының, кеудесінің және тыныс жолдарының 35% күйіп, ІІІ-дәрежелі күйікке шалдыққан. Екеуі де жан сақтау бөлімінде жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Үшінші ер адам, 1983 жылғы беті мен бас бөлігі терісінің тек 12 пайызын жалын шарпып, ІІ-дәрежелі күйік шалған. Оған да оқиға орнында жедел жәрдем көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді, бірақ ер азамат ауруханаға жатудан бас тартты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: