Трамп бүй дейді: АҚШ 2024 жылға қарай жойылады
facebook.com/Donald J. Trump
2022 және 2024 жылдардағы сайлауға барғанда бізде ел де болмайды, - деді ол Newsmax-қа берген сұқбатында.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алдағы үш жылда өз елінің жойылып кетуін болжады, деп хабарлайды zakon.kz.
Newsmax-қа берген сұқбатында ол Джо Байден билікке келгелі бері "мемлекеттің жайы бұрын-соңды болмаған күйге ұшырап, құлдырай жөнелген" деген сенімде екенін айтты. \
Ал 2022 және 2024 жылдардағы сайлауға барғанда бізде ел де болмайды, - деді ол.
АҚШ 2022 жылы 8 қарашада Палата өкілдерін сайлайды. Ал 2024 жылы 5 қарашада америкалықтар жаңа президентін сайлауы керек. Трамп тағы да мемлекет басшысының сайлауына қатысатын-қатыспайтынын айтпады, бірақ "АҚШ-ты сүйетіндер бақытты болады" деп санайды.
Өткен жылдың қараша айында сайлауда Байденнен жеңіліп қалғалы Трамп оны үнемі сынап келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript