"Түсіретіндері - той-томалақ, құда-құдағи...". Кітапқұмар депутат отандық режиссерлерді сынады

Youtube, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 23:46 Youtube
Ол бұл туралы adebiportal.kz-дағы "Оқы және тұлға бол!" бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.

Депутат Геннадий Шиповских отандық режиссерлердің еңбегін сынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы adebiportal.kz-дағы "Оқы және тұлға бол!" бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.

Депутат отандық авторлардан Мұхтар Әуезовтің, Ілияс Есенберлиннің, Дулат Исабековтың, Әбіш Кекілбаевтың кітаптарын оқығанды қатты ұнатады екен.

"Біздің режиссерлердің түсіретіні - той-томалақ, құда-құдағи... Осыдан кетіп, Голливуд ізіне түсетін уақыт жетті деп ойлаймын біздерге. Мысалы, ғылыми-фантастикалық, детектив-триллер және тағы тағысын. Қазір осы жанрлар бізде сусап тұр. Сонда қоғамда бетбұрыс басталады", - деген депутат өз сұқбатында кітап пен адам болмысы жайынан кеңінен көсіліпті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: