Жаңалықтар тізбегі
0

20 қыркүйекте 328.00 нысанын ұсыну мен жанама салықтар төлеу мерзімі бітеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 19:03 zakon.kz
Салық төлеушілер назарына!

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 20 қыркүйегінде кейбір есеп нысандары мен салықтар мерзімі аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.

20 қыркүйекке дейін салық есептілігінің келесі нысандарын ұсыну қажет:

  • 2021 жылдың тамызы үшін тауарларды импорттау және 328.00 нысаны бойынша жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер;
  • 851.00 нысаны бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі (2021 жылдың тамызында ақылы негізде уақытша жер пайдалану туралы шарт жасалған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіруге лицензия алынған жағдайда);
  • 870.00 нысаны бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем туралы 2021 жылға арналған декларациялар. (төлемнің жылдық жалпы көлемі 100 АЕК-ке дейін және экологиялық рұқсат 2021 жылғы тамызда алынған жағдайда);

- келесі салықтар мен төлемдерді төлеу:

  • Еуразиялық экономикалық одақтағы 2021 жылдың тамызына арналған ҚҚС;
  • акциз, оның ішінде 2021 жылдың тамыз айы үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға;
  • қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер: 2021 жылға жалпы жылдық көлемі 100 АЕК-ке дейінгі төлем мөлшерінің нормативін өтеу (рұқсат құжаты 2021 жылдың тамызында берілген жағдайда).


2021 жылы салықтар мен төлемдерді төлеу және салық есебін тапсыру мерзімдері туралы ақпаратпен Салық күнтізбесінде таныса аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: