Жаңалықтар тізбегі
0

24 және 27 қыркүйекте cалықтар мен төлемдердің кезекті мерзімі аяқталады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 18:34 zakon.kz
Құрметті салық төлеушілер!

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 24 қыркүйегінде 2021 жылдың тамызында төленген кірістерден ЖТС төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады:

- қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме болып табылмайтын резидент емес ұсынған шетелдік персонал үшін (Салық кодексінің 655-бабының 7-тармағы бойынша кірістер);

- Қазақстан Республикасына резидент емес заңды тұлға жіберген, салық төлеуші ретінде тіркелмеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар (Салық кодексінің 656-бабының 1-тармағы бойынша кірістер)

Бұдан әрі 2021 жылдың 27 қыркүйегінен кешіктірмей келесі салықтар мен төлемдерді төлеу қажет:

КТС, 2021 жылдың қыркүйегіне аванстық төлемдер;
2021 жылдың тамызында төленген резиденттің табысының төлем көзінен ұсталатын КТС;

Төлем көзінен ұсталған КТС:

- резидент еместің есептелген және төленген кірістерінен, сондай-ақ 2021 жылдың тамызында төленген алдын ала төлем сомасы шегінде;
- резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін құнның өсуінен түсетін табысынан;

Төлем көзінен ұсталған ЖТС:

- 2021 жылдың тамызында төленген кірістерден;
- резидент емес жеке тұлғалардың құнның өсуінен Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табыстардан;

2021 жылдың тамызында төленген кірістен ЖТС:

- жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе резидент еместен жасалған еңбек шарты (келісім, келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен кірісті қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған резидент емес жеке тұлғалар ((Салық кодексінің 655-баптың 3-тармағына сәйкес табыстар);

2021 жылдың тамызына әлеуметтік салық;

Радиожиілік спектрін пайдалану ақысы:

- ағымдағы төлем 2021 жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірілмей

- Қазақстан Республикасында қызмет етпейтін және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес заңды тұлғалар 2021 жылдың тамызында рұқсат алған жағдайда төлейді;

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынғаны үшін төлем: 2021 жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірілмей төленетін ағымдағы төлем;

2020 және/немесе одан бұрын алынған қызметтің жекелеген түрлерімен (ойын бизнесі, алкогольді өнімдерді сақтау және сату) айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төлем;

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем:

- жеке тұлғаның ақылы жер пайдалануға алынған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған жер учаскелері үшін (уақытша ақылы жер пайдалану шарты 2021 жылдың тамызында жасалған жағдайда);

- уақытша ақылы жер пайдалану келісімшартының мерзімі аяқталған жағдайда немесе оны 2021 жылдың тамызында бұзған жағдайда;

2021 жылдың қыркүйегіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем;

Міндетті зейнетақы жарналары:

- азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша қызметкерлер мен жеке тұлғаларға 2021 жылдың тамызында төленген табыстан ұсталған төлем;

- жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке кәсіпкерліктің өз пайдасына төленетін (патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерді санамағанда) 2021 жылдың тамызында алынған табыстан;

- сақтандыру ұйымы 2021 жылдың тамызында сақтандыру төлемін жасаған жағдайда төлейді;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының 2021 жылдың тамызында алған табысы бойынша ерікті төленетін салықтары:

  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) бойынша;
  • Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріндегі жұмысынан;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі жұмыстан;

2021 жылдың тамызында қызметкерлерге төленген табысқа есептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
2021 жылдың тамызындағы әлеуметтік аударымдар үшін;
2021 жылдың тамызындағы қызметкерлерге төленген табысқа міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар;

Міндетті медициналық сақтандыру жарналары:

- азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша 2021 жылдың тамызында қызметкерлер мен жеке тұлғаларға төленетін табыстан ұсталған төлемдер;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалардың өз жеке кәсіпкерлігінің пайдасына төленген (патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлікті санамағанда) 2021 жылдың тамызында алынған кірістен;
- 2021 жылдың тамызында алынған табыстан өз бетінше төленетін салықтар.

2021 жылы салықтар мен төлемдерді төлеу және салық есептілігін тапсыру мерзімдері туралы ақпаратпен Салық күнтізбесінде таныса аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: