Павлодарда төрт қаладан жалға арзан пәтер ұсынған алаяқ әйел ұсталды

zakon.kz zakon.kz
Полицияның мәліметінше, ол жалдау ақысын төмендетіп көрсеткен.

Павлодарда пәтерлерді сөз жүзінде жалға беру арқылы оңай ақша тапқан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

32 жастағы қала тұрғыны сайттардың біріне Павлодар, Өскемен, Петропавл және Алматы қалаларында бір бөлмелі пәтерді ұзақ мерзімге жалға беретіндігі туралы жалған хабарландырулар орналастырған.

Полицияның мәліметінше, ол жалдау ақысын төмендетіп көрсеткен.

Зардап шеккен азаматтар шарттармен келісіп, салымды немесе толық соманы бір реттік абоненттік нөмір балансына аударған. Жалға алушылар пәтерге көшетін кезде, әйел аяқ-асты ғайып болады. Қазіргі уақытта ұсталған әйелдің интернет-алаяқтықтың 25 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды, деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, - деді облыстық ПД басшысының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

Полиция оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатқанын айтты.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз