Биыл Алматыда жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін

видеодан кадр видеодан кадр
Б.Сағынтаев жылуды беру туралы – қалалықтардың денсаулығы қымбат.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, жылуды мерзімінен бұрын қосуға болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ауа температурасы +8°C және бес күн ішінде одан төмен болса, онда жылыту маусымының басталатыны белгілі. Алайда, алдыңғы жылыту маусымындағыдай, ауа райы салқын болса, жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін.

Б.Сағынтаев қала тұрғындарының денсаулығы қымбат болғандықтан, күн суық болған жағдайда жылу берілетінін атап өтті.

Бүгінде жылу желілерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың толық дайындығы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін жоспарланған.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз