Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді

Маңғыстау өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 19:29 Маңғыстау өңірлік коммуникациялар қызметі
Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты.

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан көрікті көшелердің біріне абыздың есімі берілді, депа хабарлайды Zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 19:29

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты. Алматы жұртшылығын айтулы қуанышпен құттықтаған шаһар басшысы бұл шараның өз шығармаларымен мәңгі жасайтын қазақтың кемеңгер жазушысына берілген баға екенін айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 19:29

Бүгін сондай-ақ, Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Ә.Кекілбаев тұрған 118-үйге мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды. Ал, кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтеді.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: