Атырауда интим мен боди-массаж жасайтын қыздар ұсталды

polisia.kz polisia.kz
Тәртіп сақшылары 10-нан астам жеңіл жүрісті қыздарды есепке алды.

Атырауда боди-массаж ұсынған 3 әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы аумағында 19-24 қыркүйек күндері адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және тағы да басқа жезөкшелер мен притондардың болуы мүмкін орындарды тексерді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары 10-нан астам жеңіл жүрісті қыздарды есепке алды. Олардың басым көпшілігі ғаламтордағы​ сайт арқылы жыныстық қызметтер көрсетумен айналысып келген.

Ал ​үш әйел қаладағы қонақүйлердің бірінің саунасында интимдік қызмет көрсеткен жерлерінен анықталып, ұсталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ​массаж салонынан боди-массаж қызметін көрсеткен 3 әйел анықталып, профилактикалық есепке қойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз