Атырауда Ақтөбеден келген екі трансвестит жігіт ұсталды

Times.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 21:21 Times.kz
"Стоп трафик" профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері шамамен 20 шақты жеңіл жүрісті қыз анықталды.

10 мен 14 қараша аралығында Атырау облысының аумағында "Стоп трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

11 қарашада учаскелік инспекторлар 25 пен 29 жас аралығындағы жеңіл жүрісті 13 қызды анықтады. Олар Атырауға Қызылорда, Ақтау, Шымкент қалаларынан келіп, Махамбет көшесіндегі, Азаттық даңғылындағы, сондай-ақ Привокзальный және Алмагүл ықшамаудандарындағы пәтерлерді жезөкшелікпен айналысу үшін жалға алған.

Кеше кешке полиция сексуалдық қызмет көрсетумен айналысқан ақтөбелік екі трансвестит жігітті ұстады.

Барлық қамауға алынғандарға қатысты 449-бап - "Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттері бойынша" ескерту жасалып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жалға алынған пәтерлердің иелері туралы жиналған материалдар облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. Жалпы, "Стоп трафик" профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері шамамен 20 шақты жеңіл жүрісті қыз анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: