Жаңалықтар тізбегі
0

Бала туғанда берілетін төлемдерді ресімдеу жеңілдеді

egov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 23:10 egov.kz
Тұрғылықты тіркеу орнынан тыс жерде рәсімдеуге болады.

Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты критериінің бірі болған.

Экстерриториалды қағидат тұрғылықты тіркеу орнына тәуелді болмай, клиенттерімізге қозғалыс еркіндігін береді. Оның арқасында қазақстандықтар баланың тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыны, тіркелген мекенжайына қарамастан, елдің кез келген ХҚО-да бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ресімдей алады. Жыл соңына қарай біз төлемдердің басқа түрлері бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз – деді "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов.

Айта кетейік, 2021 жылдың 8 айында баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет ресімделген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: