Ақтөбенің полицейлері үшін 12 дана қымбат кроссовер сатып алынбақ

kolesa.kz kolesa.kz
Ақтөбе облысының полиция департаменті Hyundai Tucson сатып алуды жоспарлап отыр.

Тәртіп сақшылары жұрттың көзі үйренген седанды кроссоверге ауыстыра бастады. "За нами уже выехали" Telegram арнасының авторлары мемлекеттік сатып алу порталынан қызық хабарландыру тапты, дейді kolesa.kz.

Ақтөбе облысының ПД 147.5 млн теңгеге әрқайсысы 12.3 млн тұратын 12 автокөлік сатып алмақшы екен. Қажет машинаның техникалық сипаттамасы тәптіштеп жазылған.

Сонымен, полицейлерге мотор көлемі екі литрден, қуаты 143 ат күшінен кем емес толық жетекті кроссовер керек. Оның ұзындығы кем дегенде 4630 мм, ені 1865 мм, биіктігі 1655 мм, ал екі ось арасы 2755 мм болуға тиіс.

Бұл талапқа тек төртінші буындағы су жаңа Hyundai Tucson сай келеді. Бағасына мән берсек, тәртіп сақшыларына Comfort нұсқасы ұнаған сияқты. Модель рөл және орындық жылытқыш, әйнек жуғыш бүріккіші, кілтсіз ашу, екі аймақты климат-бақылау жүйелері және бүйірлік қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталады. Мұндай Tucson-ның ресми бағасы — 12.1 млн теңге.

Жаңа кроссовер Қазақстан полициясына қызмет ететін алғашқы Tucson емес екенін айта кеткен жөн. Биыл маусым аяғында елордалық ПД қатарында дәл осы модельдің үшінші буыны бар 30 автокөлік алды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1632397378_287e75e5b2587f35e33490ee5f6fa282933f8d10.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1632397442_292e5e9b2a9fe54892eb66e266fabfc5269298fb.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз