Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банкі БЖЗҚ үшін KASE-дан 2 млрд доллар сатып алуды жоспарлап отыр

БЖЗҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2023 18:10 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі 2023 жылдың барысында БЖЗҚ үшін KASE биржасынан шамамен 2 миллиард доллар сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зейнетақы активтеріндегі валюталық үлестің күтілетін төмендеуін ескере отырып, Ұлттық банк 2023 жылға дейін шетел валютасын кезең-кезеңімен сатып алуды жоспарлап отыр.

Сонымен, валюта позициясын 30% деңгейде ұстап тұру үшін шамамен 2 млрд АҚШ долларын сатып алу қажет болады.

"Осынша мөлшердегі ақшаны сатып алу валюта нарығына айтарлықтай әсер етпейді, өйткені ол орташа тарихи мәндердің 6-7 пайызынан аспайды (KASE-дегі жылдық сауда көлемі 2022 жылдың аяғында 29,7 млрд болды). Сонымен қатар, шетел валютасын сатып алу бойынша бұл операциялар Қазақстан қор биржасының алаңында жыл бойы біркелкі қалыпта жүзеге асырылады". ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов

Сондай-ақ ол БЖЗҚ портфеліндегі шетел валютасын сатып алу зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын инвестициялардың географиясы мен қаржы құралдарының ауқымын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Бұл инвестициялық портфельдің сапасын жақсартуға, оны әртараптандыруға, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада оның өтімділігі мен табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: