Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамы

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2021 17:16 pxhere.com
Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстіктен келген екі циклонның бірігуі ықпал етеді.

Синоптиктер 25-27 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстіктен келген екі циклонның бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады: республикамыздың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Желдің күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Республикамыздың батысында сынап бағаны түнде +7-15, күндіз +15-25-тен +10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 градус үсік жүреді, күндіз +13-23-тен +3-13 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағаны 2-7 градус суықтан ақырындап +3-8 градусқа көтеріледі, ал күндіз, керісінше +10-20-дан +5-13 градусқа дейін төмендеу болады деп болжанады. Республикамыздың шығысында түнде 5 градус үсік жіреді, күндіз +7-17 градус жылы болады. Республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, сынап бағаны түнде +5-15-тен +10-17 градус, күндіз +25-32, +18-25 градус аралығында болады деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: