Бұршақ, жаңбыр, +28 градус ыстық: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 16-18 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде ылғалды қар, бұршақ жаууы мүмкін. Тұман түседі, жаңбыр жауып, +28-ге дейін ыстық болады.
"Таяу күндері республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен синоптикалық жағдай қалыптасады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын және көктайғақ болады деген болжам бар", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша түнде және таңертең республиканың солтүстік-батысын, солтүстігін және шығысын тұман басады.
"Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде +2+12°C, күндіз +15+23°C, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде температура фоны +10+15°C, жылы. Таулы аймақтарда 0+5°С, күндіз +20+28°С", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер тамыз айы Қазақстанда жауын-шашынды болғанын айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript