Жаңбыр жауып, үсік жүреді. Алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамы

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 17:38 pixabay.com
Еліміздің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынды болады.

Синоптиктер 16-18 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бейсенбіден бастап еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республикамыздың орталығында, Екатеринбург аудандарының циклонның ойысып келуімен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер жүріп, күн райы жауын-шашынды болады. Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым сақталып, жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Ауа температурасының төмендеуі келесі өңірлерде көрініс табады: батыста түнде +3-11-ден +1-9, күндіз +15-23-тен +10-18, солтүстік-батыста түнде +7-12-ден+ 2-7 градусқа дейін төемндейді. 18 қыркүйекте солтүстікте -3 градустық үсік жүреді, күндіз +17-25-тен +10-17-ге дейін солтүстікте түнде +8-13-тен +2-10-ға дейін сынап бағаны төмендейді, Облыстың орталығы мен шығысында +5-15 градус, күндіз температура +20-28-ден 5-25 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде +15-20, күндіз +28-35 градус ыстық болады, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: