Алматы облысында ер адам шетелдіктің басын жарып өлтірді

Pixabay Pixabay
42 жастағы Өзбекстан азаматы есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

Алматы облысының тұрғыны шетелдікті күрек сабымен ұрып өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте орын алды.

42 жастағы Өзбекстан азаматы есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

Оқиғаның барлық мән-жайын зерттегеннен кейін тәртіп сақшылары Қарғалы ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктінің айтуынша, ол жәбірленушімен таныс болмаған. Ол кездестірген досының жанында болған. Екеуі шамамен бір литр арақ ішкен, содан соң өзара сөзге келген. Даудың арты төбелеске ұласып, ол қарсыласының басынан күрек сабымен үш рет ұрып, оны сұлатып оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз