Жаңалықтар тізбегі
0

Ватсапта топ құрып, елді сан соқтырып кететін қуекеш жігіт ұсталды

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 16:23 zakon.kz/ Павел Михеев
Тергеу барысында күдіктінің ставка қоюға ешқандай қатысы жоқ екені анықталды, ал өтірік жарнама арқылы ие болған ақшаны ол өз кәдесіне жаратқан.

Тәртіп сақшылары ақшаны айналдырып, көбейтіп беремін деп 19 елордалықты сан соқтырған 22 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін ол WhatsApp мессенджерінде чат құрып, онда спортқа бәс тігу арқылы ақшаны көбейту қызметін ұсынған. Азаматтардың сеніміне кіру үшін ол чатта жалған чектер мен ұтыстар туралы түбіртектерді жариялады. Ұсталған адам 24 сағат ішінде 100% пайда табуға уәде беріп, электронды әмиянына ақша аударуды сұраған. Осыған сеніп қалған кейбір азаматтар оған 100 000-нан 300 000 теңгеге дейін ақша аударған, ал ақша қолына тиген алаяқ ақша аударғандардың нөмірін "қара тізімге" жіберіп отырған, - Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысында күдіктінің ставка қоюға ешқандай қатысы жоқ екені анықталды, ал өтірік жарнама арқылы ие болған ақшаны ол өз кәдесіне жаратқан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі, "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ұсталған адам 19 эпизодқа байланысты күдікке алынып отыр, бірақ құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 3 500 000 теңгені құрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: