Футзалдан әлем чемпионатында Аргентина Ресейді үйіне қайтарды 

instagram / uefafutsal instagram / uefafutsal
Қазақстан құрамасы әлі жартылай финалға жолдама алған жоқ.

Қазақстан құрамасы Литвада футзалдан әлем чемпионатына қатысуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеше алғашқы жартылай финалистер анықталды. 26 қыркүйекте ширек финалдың екі ойыны өтті. Бразилия құрамасынан Родриго гол соғып, олар Марокконы 1:0 есебімен ұтты. Екінші ойында әлем чемпионы Аргентина пенальти сериясында ресейліктерді 5:4 есебімен жеңді. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған.

Енді жанкүйерлер 29 қыркүйекте әлем чемпионатының финалына шығу құқығы үшін Аргентина мен Бразилия құрамаларының тартысын тамашалай алады.

Қазақстан құрамасы әлі жартылай финалға жолдама алған жоқ. Қазақстан енді Азияның үздік командасы және 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған Иранмен кездеседі.

Матч 27 қыркүйекте, 23.00-де басталады.

Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз