Қазақстан елшісі "Талибан" өкілімен кездесті

ҚР СІМ ҚР СІМ
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы қазақстандық тарапқа өтпелі ауыр кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге дайын екендігі үшін алғысын білдірді.

Кабулда Қазақстаннан Ауғанстанға қажетті гуманитарлық көмек мәселесі талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев пен Ауғанстанның уақытша үкіметі құрамында сыртқы істер министрі міндетін атарушы Әмір Хан Муттаки кездесуінде ауған халқына көрсетілетін азық-түлік және басқа да гуманитарлық көмек мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы қазақстандық тарапқа өтпелі ауыр кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге дайын екендігі үшін алғысын білдірді.

Қазақстандық дипломаттың айтуынша, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін растайды, бірінші кезекте көршілермен және аймақтағы мемлекеттермен, сондай-ақ олардың тарапынан қандай да бір қауіптің туындауына жол бермеуге дайын. Қазақстанның сыртқы саясаты, әсіресе ауғандық бағытта құрметке ие екені айтылды, делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Талибан - Қазақстан аумағында және әлемнің басқа да бірқатар елдерінде тыйым салынған ұйым. 15 тамызда "Талибан" радикалдықозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағына толық бақылауына алғанын жариялады.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз