Спорттық алаңда ойнап жүрген бала қараптан-қарап өліп қала жаздады
Оралда ойын алаңындағы арқанға буынып өліп қала жаздаған 9 жасар бала есін жиды. Оны тұншығып жатқан жерінен сол маңдағы ересек балалар шығарып алған, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға өткен демалыс күні үй ауласындағы ойын алаңында болған. Бала спорттық жаттығу турнигінде салбырап тұрған арқанға оратылып қалған. Жедел жәрдем комаға түсіп кеткен балақайды ең жақын жердегі ауруханаға жеткізіпті. Онда ең білікті деген реаниматолог мамандар жабылып ажал аузынан алып қалды. Екі күн бойы ес-түссіз болған жеткіншектің жағдайы қазір жақсы дейді дәрігерлер. Ал әкімдік өкілдері ойын алаңы былтыр ғана жаңадан салынған, барлық талапқа сай деп ақталуда.
Юлия Горячева, Орал қалас облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
- Қазір бала неврология бөлімшесінде жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Тыныс алуы қалыпты, демігу жоқ. Нерв жүйесінде аздап өзгеріс бар. Дәрігердің жіті бақылауында. Тексеріліп, ем-шара жасалынып жатыр. Сауығып кетеді деп сенеміз.