Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да бір жүргізушісі жолда бір отар қойды жапырып өтті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 20:31 Сурет: zakon.kz
Салдарынан 14 бас ұсақ мал өлді.

СҚО-да Daewoo Nexia жүргізушісі жолда бір отар қойды жапырып өтті. Салдарынан 14 бас ұсақ мал өлді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға 24 қыркүйек күні түстен кейін Петропавл-Жезқазған тас жолында орын алған.

51 жастағы Daewoo жүргізушісі 41 жастағы жолаушымен бірге Петропавл қаласынан Шал ақын ауданына қарай келе жатқан. Жол-көлік оқиғасы Явленка ауылының "Мал айдау"жол белгісі тұрған маңда орын алды Полицияның хабарлауынша, ер адамдар ауыр жарақат алған жоқ.

Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбеков медициналық сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің сау екендігі нақтыланғанын айтты.

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 610 -бабының 1 -бөлігі, "Көлік құралдары жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан адам денсаулығына, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіру" бойынша материал жиналып, шешім шығарғаны үшін сотқа жолданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: