Ақмола облысында жүк пойызы бір отар қойды жапырып өтті
Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
17 маусымда Ақмола облысының "Жайнақ-АБ-96" аралығында жүк пойызының машинисі темір жол бойындағы малды баспас үшін шұғыл түрде тежегішті қосты. Бірақ апатты жағдайды болдырмау мүмкін болмады, 22 бас ұсақ өлді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспардан тыс пойыздың тоқтау уақыты 22 минутты құрады.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде желілік полиция басқармасының қызметкерлері Нұр-Сұлтан станциясында үй жануарларының иесін анықтады. 43 жастағы елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша темір жолдарға бөлінген аумақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздарды шұғыл тежеудің 824 фактісі тіркелген, оның ішінде 534-і теміржол бойында малдың жайылуына байланысты болып келетіні де айтылады.
Темір жолға бөлінген аумақта мал жайғаны үшін 351 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript