Алматыда сағат 22.00-ден кейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынбақ
zakon.kz
Қазақстан Республикасының "Жол жүрісі туралы" Заңына сәйкес, мотоциклдер деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, оларда мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын мотоциклдер түсініледі.
Алматы әкімдігі "Алматы қаласында жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында электр қозғалтқыштарымен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдерді, "түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар, жалпы талаптар сондай-ақ ҚР СТ 1863-2018 "жедел және арнайы қызметтердің автомобильдері, автобустары мен мотоциклдері1 сәйкес түсті графикалық схемалары, тану белгілері, жазбалары, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар көлікті қоспағанда, сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын, делінген бұйрық жобасында.
Қазақстан Республикасының "Жол жүрісі туралы" Заңына сәйкес, мотоциклдер деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, оларда мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын мотоциклдер түсініледі.
Күндізгі уақытта мотоциклдердің қозғалысын оңтайландыру зиянды қалдықтардың ауаға бөлінуін азайту мақсатында ұсынылған "Алматы қаласының көлік құралдарының қозғалысын реттеу бойынша шараларды енгізу тәртібінің" бірінші кезеңі болып табылады, делінген құжатта.
Құжат 12 қазанға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript