Маңғыстау облысында мопед жүргізушілеріне заң талаптары түсіндірілді

Мопед, мопеды, мопедист, мопедисты, байк, байки , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 14:43 Фото: pexels
Қазақстан Республикасының "Жол жүрісі туралы" Заңының 64-бабына сәйкес механикалық көлік құралдары мен тіркемелер уәкілетті органда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Бұл талап мотоциклдерге, трициклдерге, квадроциклдерге және мопедтерге де қатысты. Жаз мезгілінің келуіне байланысты қала көшелерінде мопед жүргізушілерінің саны артып келеді.

Осыған орай, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мопед иелеріне заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертіледі.

Атап айтқанда, мопедті заңды түрде басқару үшін көлік құралы міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу нөміріне ие болуы тиіс.

Сонымен қатар жүргізушіде А1 санатындағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Ал егер азаматта "А" немесе "В" санатындағы жүргізуші куәлігі бар болса, қосымша А1 санатын алу талап етілмейді.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті және қауіпсіздіктің басты кепілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: